Қостанай облысы: ауа-райы жол жүруге қолайсыз
Қостанай облысының жолдарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 18 ақпаннан бастап облыстың қысқы жолдарында ықтимал төтенше жағдайларды жою мақсатында тәулік бойы облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Жол ұйымдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің және ішкі істер органдарының өкілдері кірді.
Авариялық-құтқару қызметтерінің алдына адамдардың қаза болуына жол
бермеуге және төтенше жағдайлардан келген залалды азайтуға бағытталған
алдын алу шараларының кешенін өткізу бойынша міндеттер қойылды.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қостанай облысының Төтенше жағдай департаменті бөлімшелері, полиция қызметкерлері және жол қызметтері 10 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 81 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала. Қар құрсауынан 45 бірлік техника шығарылды. Төтенше жағдай салдарын жоюға облыстың ТЖД мен ІІД 41 қызметкері мен 15 техника бірлігі қатысты. Автомобиль жолдарының үйінділерін тазалауға 10 арнайы техника бірлігі мен 20 жол қызметінің қызметкері жіберілді.
Ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты қар жаууы, боран және
желдің 23-28 м/с дейін күшеюі, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары)
Республикалық автожолдардың 5 жеке учаскесінде және облыстық маңызы бар 23 учаскеде қозғалыс жабылды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: ауа
райы қолайсыз жағдайда автожолға шықпаңыздар. Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!