Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуантты

Қостанай облысының Полиция департаментінде балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен балалар шыршасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков қатысты.

– Барлықтарыңыз Аяз атаға хат жаздыңыздар. Біз осы тілектерді орындауға тырыстық. Мереке қарсаңында сыйлықтар мен тәтті жиынтықтар сіздерге қуаныш сыйлайтынына сенімдімін, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Бұл шара туралы Facebook-те жазып, ведомство басшысы Полиция департаментінің қабырғасында өткен іс-шараларға және мұражайға экскурсияға келген балалардың эмоцияларын көру әрқашан қуаныш сыйлайтынын атап өтті.

– Биыл елордамыз Астанаға сапар ұйымдастырылды. Жазғы лагерьде полиция қызметкерлері спорттық жарыстар өткізді. Мұның бәрінен оқушылар керемет әсер алып, біздің қамқорлығымызды сезінуі үшін жасалып келеді. Бұл тағлымды шаралардың өтуіне Қостанай өңірінің меценаттары да өз үлестерін қосты. Бізбен бірге Beef Export Group зауытының директоры Александр Пархоменко да балаларды құттықтады. Осындай шаралардың өтуі өзгелерге де үлгі боларына сенімдімін, – деп жазды облыстың бас полицейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру