Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы “Аmanat” партиясының алаңында азаматтарды қабылдады

Қостанай облысы ПД бастығы “Аmanat” партиясының алаңында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағайындалған сәттен бастап полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллин “Аmanat” партиясының облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қостанайлықтардың мәселелерін үш рет қарады.

Бұл жолы оған 58 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық жасағаны үшін жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жүгінді. Шамамен 8 жыл бұрын жұбайы оған үйдің жартысын 2,5 миллион теңгеге сатып, содан кейін оған қолхатпен берген. Ақшаны имеденіп алып, әйелінің атына құжаттарды рәсімдеу туралы міндеттемені орындамаған. Кейінірек ол қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру орындарында болды. Осылайша, құжаттар ресімделмеген.

Бұл ретте ол ҚР Жоғарғы Сотында шешімдерге шағымданғанға дейін соттардың барлық инстанцияларына жүгінген. Бірақ шешімдер өзгеріссіз қалды.

–  Алаяқтық әрекеттерді жасауды азаматтық заңнамамен реттелетін және қылмыстық жазаға әкеп соқпайтын құқықтық қатынастардан нақты ажыратқан жөн. Алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы біреудің мүлкін ұрлау, ал сіздің жағдайда жұбайыңыз міндеттеме шарттарын орындамаған. Оның іс-әрекетінде біз алаяқтық белгілерін көрмейміз, әсіресе сіздің қолыңызда Жоғарғы соттың шешімі бар, – деп түсіндірді тұрғынға Ерлан Файзуллин.

Мұндай кездесулерді үнемі өткізу халықпен өзара іс-қимылдың тиімді тетігі. Азаматтардың өтініштерін талдау халықтың өзекті мәселелерін анықтауға көмектеседі.

Осы жылы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы жеке қабылдауда азаматтардың 160-тан астам өтінішін қарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру