Қостанай облысы ПД-да Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Қостанай облысы ПД-да Конституция күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталмыш мереке қарсаңында ондаған полиция қызметкері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин барлық қатысушыларды осы айтулы күнмен құттықтады.
– Қазіргі уақытта Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, азаматтардың сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету ІІО-ның басым бағыты болып табылады. Полиция қызметкерлері бұдан былай да азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өздерінің қызметтік борышын абыроймен орындайтынына сенімдімін. Баршаңызға бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін. Әр отбасыда бақыт пен амандық орнасын,- деп атап өтті Ерлан Файзуллин өз сөзінде
Конституция күні қарсаңында полиция майоры атағын ЖҚАЖ аға инспекторлары Сұлтан Ахметші мен Абзал Кенжетаев алды.
Қостанай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Талғатжан Әлсейітов пен ПД ӘПБ аға инспекторы Сапарбек Исабеков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.
«Ішкі істер органының үздігі» медалін Қостанай қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Виталий Цой, ПД АжЖДБ аға инспекторы Рамиль Гусейнов және Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің УҰИ бастығы Ғалымжан Есенғалиев алды.
ПД бастығының грамотасымен Қостанай қалалық ПБ УҰИ бастығының орынбасары Дәулет Айтқожин және ПД ППР инспекторы Азамат Бекмағамбетов марапатталды.
ПД бастығының Алғыс хатымен Қостанай қалалық ПБ ППБ қызметінің инспекторы Серікжан Жоңқабаев пен ардагер Теміржан Аулабаев марапатталдыІс-шара қаланың жергілікті ансамбльдерінің концерттік бағдарламасымен және полиция қызметкерлерінің шығармашылық ұжымы өнерімен жалғасты.