Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да терроризмге осал нысандардағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Полиция департаментінің қабырғасында террористік тұрғыдан осал нысандардағы қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өтті. Оған осы нысандарда жұмыс істейтін күзет ұйымдарының, күзет және бақылау қызметтерінің басшылары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кету керек, терроризмге осал объектілерге ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы нысандар, адамдар көп жиналатын объектілер, терроризмге қарсы қорғанысты міндетті түрде ұйымдастыруды талап ететін күзетілетін нысандар жатады. ҰҚҚД мен Экстремизмге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жиналғандарға қауіпсіздік талаптары туралы айтып, террористік қауіптер туындаған кездегі қауіпсіздік қызметкерлерінің әрекет алгоритмін еске салды.

Алгоритмге сәйкес күзет кәсіпорындарының қызметкерлері терроризмге қарсы жаттығулар жасайды. Сондай-ақ өткізу режимін қамтамасыз етуге, күдікті заттардың табылғаны туралы хабарларды анықтауға және оларға жауап беруге міндетті.

Жыл басынан бері күзет қызметі саласындағы түрлі бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жылы полиция қызметкерлері 295 нысанды тексерді. Нәтижесінде 28 басшы объектілерді терроризмге қарсы қорғау бөлігіндегі бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2,6 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру