Қостанай облысы ПД-да кадр саясаты мәселелері бойынша жыл қорытындысы қаралды
Қостанай облысы ПД-да кадр саясаты мәселелері бойынша жыл қорытындысы қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел кеңес ПД бастығының орынбасары Әділхан Байдосовтың төрағалығымен өтті. Жедел кеңеске бөлініс бастықтары, аумақтық бөліністер бастықтарының орынбасарлары, ПД Ардагерлері, тәрбие және кадр жұмысы басқармасының жеке құрамы қатысты.
Бірінші кезекте Әділхан Байдосов жеке құрамға ІІМ Алқасының кеңейтілген отырысында айтылған мемлекет басшысының, ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, полиция әрқашан халыққа үлгі болуы тиіс. Сонда ғана адамдардың полицияға деген сенімі арта түседі. Ең алдымен, әр адам өзінен бастауы қажет.
– Полиция қызметкері – нысанды киім кию ережелерін, саптық түзету, заңдылық пен тәртіпті сақтауы қажет, сондай-ақ жақсы дене дайындығы болуы керек. Кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сіз жеке құрам үшін үлгі болуларыңыз керек, – деп атап өтті Әділхан Байдосов.
Кеңес барысында кадр саясаты, арнайы-жұмылдыру дайындығы, имидждік жұмыс мәселелері бойынша өткен 2023 жылғы жұмыс нәтижелері, полицейлердің медициналық тексеруден уақтылы өту, сондай-ақ ПД Ардагерлер кеңесі жұмысының мәселелері айтылды.