Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД үздік анықтаушыларды марапаттады

Қостанай облысы ПД үздік анықтаушыларды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін полиция департаментінде аймақтағы ең үздік анықтаушылар марапаттарға ие болды. Айта кету керек, олардың жұмысы жауапты және ауыр. Олар қылмыстың барлық бөлшектерін біртіндеп қалпына келтіріп, оларды жасаған адамдардың іс-әрекеттерінің себептерін егжей-тегжейлі анықтайды.

Осы жылдың басынан анықтау қызметкерлері сотқа 370-тен астам іс жолдады, 2 мыңға жуық қылмыстық іс жүргізумен аяқталды. 

Анықтау жетекші қызметтердің бірі және елдің ішкі істер органдары жүйесінде лайықты орын алады. 

– Қазіргі уақытта электрондық қылмыстық істерді тергеу сапасының жақсарғаны байқалады және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері азайды. Сіздерге денсаулық, табыс, үлкен жетістіктер тілеймін, – деді полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Сералин.

Өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін “Ішкі істер органдарының үздігі” медалімен Рудный қаласы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Руслан Хамиев марапатталды. 

ҚР ІІМ грамотасымен Қостанай облысы ПД анықтау басқармасының анықтаушысы Әлішер Кушебаев, Қостанай қаласы ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Бауыржан Шиткенов марапатталды. 

Қостанай облысы ПД бастығының грамотасымен Қостанай облысы ПД анықтау басқармасының аға анықтаушысы Болат Уразов, Федоров ауданы Пб анықтау тобының аға анықтаушысы Виталий Олейник, Лисаков қаласы Пб анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Қайыржан Садыбеков, Қарабалық ауданы ПБ аға анықтаушысы Данияр Сұлтанбеков марапатталды. 

Сонымен қатар Қостанай қаласы Солтүстік ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы Қайсар Болтаевқа, сол бөлімшенің анықтаушысы Диана Баекеноваға қол сағаты табысталды.

ПД бастығының алғыс хатымен Қостанай қаласы Солтүстік ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Аида Қуанышпаева, Алтынсарин ауданы ПБ анықтау тобының анықтаушысы Айдын Баяхметов, Қостанай ауданы ПБ анықтау тобының анықтаушысы Жалғас Жұмағалиев, Қостанай қаласы ПБ анықтау тобының анықтаушысы Қанат Құлпейісов, Қамысты ауданы ПБ анықтау тобының аға анықтаушысы Малик Саим марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру