Қостанай облысы полиция департаментінде ашық есік күні өтті
Қостанай облысының полиция департаментінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл күні департаментке мыңға жуық адам келді. Арнайы техниканы көрсету, атқа міну, балаларға арналған аниматорлар, спорттық жарыстар, мұражайға экскурсиялар – бұл полиция балалар мен ересектерге көрсеткеннің бір бөлігі ғана.
ПД алаңында іс-шараның барлық қатысушылары үшін арнайы құралдар мен қару-жарақ көрмесі, сондай-ақ криминалистикалық зертхана ұйымдастырылды. ПД бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев құттықтау сөз сөйледі.
– Ашық есік күнін өткізу жақсы дәстүрге айналды. Егер полицияның жұмысын іштен жиі көрсетсек, халық тәртіп сақшыларының жұмысы туралы көбірек білетініне сенімдімін. Бұл іс-шара ешкімді бей-жай қалдырмайды, ал біреуге мүмкін болашақ мамандықты таңдауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді ол.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қанат Меңдібаев барлығын балаларды қорғау күнімен құттықтады. Ата-аналар бақытты және қауіпсіз балалық шақ үшін жауап беретіндерін еске салды.
Іс-шараның ойын-сауық бөлігін ПД вокалдық тобы ашты. Олар бірнеше көңілді композициялар орындады. Жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері мен кинологтардың арнайы дайындаған қойылымдары балалардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Балалар ата-аналарымен бірге ПД жедел басқару орталығына үлкен қызығушылықпен барды. Көбісі бейнебақылау камераларын өз бетінше басқаруға мүмкіндік алды.
– Бүгін біз жедел басқару орталығы қалай жұмыс істейтінін, полиция нарядтары қалай әрекет ететінін, 102 жұмысын көрдік. Балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де өте қызықты және танымдық экскурсия болды, – деді шараға екі баласымен келген Қостанай тұрғыны.
Полиция департаментінің спорт алаңында балаларға арналған «көңілді старттар» мен шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Полицейлер барлығына түрлі-түсті шарлар, балмұздақ және тәтті мақта таратты.
Құқық қорғау органдарының қалыптасу тарихымен танысқысы келгендер департамент мұражайына барды. Мұражайдың сақтаушысы Таңатқан Делмұхамбетов ПД мұражайы ҚР ІІМ үздік музейлерінің бірі болып танылғанын атап өтті. Онда бес жарым мыңнан астам мұражай экспонаттары бар.