Қостанай облысында 500 студент полиция қызметімен танысты
Қостанай облысында 500 студент полиция қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары «Текстилщик» МҮ-де Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі мен университет студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Білім алушыларға бос жұмыс орындары жайлы ақпарат берілді. Кадр қызметкерлерімен бірге студенттер өздерінің кәсіби жоспарларын талқылап, жұмысқа орналасудың тиімді тұстары туралы білді.
Іс-шара барысында ҚР ІІМ бейінді академияларының қызметі және азаматтарды қорғауға және оларға көмек көрсетуге бағытталған полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Айта кетейік, полицейлер жастармен осындай бірлескен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын бірінші рет өткізіп отырған жоқ.
Соңында Қостанай академиясының курсанттары, жедел қимылдайтын арнайы жасақ және кинологиялық қызмет мамандары қызметтік иттердің жұмысын көрсетті.
Іс-шара студенттерге мамандық туралы маңызды білім алуға және болашақта жұмысқа орналасу үшін байланыс орнатуға мүмкіндік берді.