Қостанай облысында адасып кеткен 42 жастағы ер адам құтқарылды
Оқиға 2020 жылдың 14 мамырында болған. Шамамен сағат 22:48-де «112» нөміріне әйел адам хабарласып, күйеуінің өзен құмын алып келуі үшін трактормен үйден шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы баяндаған. Жұбайының ұялы телефоны қызмет көрсету аясынан тыс жерде болған.
«Біз алыстан жарық көрдік. Соған жақындап келіп, жоғалып кеткен ер адамды байқадық. Біз дер кезінде келіппіз, кешіккенімізде ол тоңып қалар еді. Сол күні дауылды ескерту жарияланған, жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы төмендеді. Бірақ соған қарамастан, ол жолға шыққан. Оның ұялы телефонына қоңырау шала алмаған әйелі «112» нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырды. Тұрғын жол үстінде тракторының бұзылғандығын баяндады. Көлікті жөндеп біткенінше, қараңғы түскен. Уақыт өте келе бағдарынан айырылып қалған ол құтқарушылардың көмегін күтуді шешкен. Біз оны Сормовка ауылына, яғни үйіне дейін апардық», – деді Қостанай ауданының ТЖБ Азаматтық қорғау майоры Серік Дембаев.