Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларға семинар ұйымдастырылды

Қостанай облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар оқудан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша полиция қызметінің заманауи аспектілері» тақырыбында тренинг 14 мамырда ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында өтті.

Семинарға облыстың барлық аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің 20 қызметкері жиналды.

Семинар жұмысын академияның кәсіптік даярлау факультетінің бастығы Нұрлан Тулкенбаев ашты.

Сондай-ақ ол инспекторларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілері арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы айтып, интеллектуалды ойын өткізді.

Тренинг барысында академияның әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Сергей Корнейчук тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы заңнамадағы ағымдағы өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударды.

Семинарда сондай-ақ ODARA тәуекелді бағалау құралын қолдану ерекшеліктері және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылды.

Сонымен қатар педагогика және психология кафедрасының орынбасары Жанна Руденкомен өткен семинарда тәжірибеден алынған жағдайлар сараланды.

Онымен бірге инспекторлар жәбірленушілер мен отбасылық тирандардың психологиялық портреттерін құрастырды. Сондай-ақ осы санаттағы адамдармен жұмыс істеу алгоритмін зерттеді.

– Әрбір инспектор белгілі бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, мәселені шешу үшін қандай әрекеттер жасау керектігін білуі керек. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру үшін мұндай тренингтерді тұрақты негізде өткізу қажет, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлжанат Шаяхметова.

Семинар қатысушылар арасында сауалнама жүргізумен және сертификаттарды тапсырумен аяқталды.

– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша осындай өзара іс – қимыл жалғасатын болады, – деп атап өтті ведомстводағылар.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру