Қостанай облысында «Автобус» ЖААІШ аясында 247 дерек тіркелді
Қостанай облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 247 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 247 дерек анықталды.
– Бұзушылықтар арасында техникалық тексеруден өтпеудің 17 фактісі, рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтпеген 5 факт тіркелді. Техникалық регламенттердің талаптарын бұзған 11 дерек анықталды, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар да кездесті, – дейді Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев.
Жеке құқық бұзушылықтардың арасында рөлде отырып, телефонмен сөйлескен – 34 және маневр жасау бұзушылығына жол берген 54 жүргізуші анықталды. 8 заңсыз тасымалдаушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус парктерінің басшылары жазаланды. ТЖД-мен бірлесіп өрт қауіпсіздігінің сәйкестігі, электр жабдықтарының жай-күйін анықтау үшін 129 автобус тексерілді.
– Бұл республикалық жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – автокөліктерде жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақауды немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу, – деп толықтырды Жеңіс Бисембаев.