Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында балалар мен жасөспірімдер арасында гольфтен турнир өтті

Қостанай облысында балалар мен жасөспірімдер арасында гольфтен турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ойын-сауық шарасы Садовый кентінің маңындағы “Гольф спорт мектебі” КММ аумағында ұйымдастырылды. Мұнда үш жас тобында бақ сынаған жас спортшылар өзара сайысқа түсті. Қатысушылардың жалпы саны 40 адамды құрады. Жарысқа Қостанай, Тобыл қалалары мен Мичурин, Алтынсарин және Садовый ауылдарының спортшылары қатысты.

Турнир ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастамасымен, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының “Гольф спорт мектебі” КММ қолдауымен ұйымдастырылды.

Гольф – бұл зейінділікті, өзін-өзі ұстауды, адалдықты және этикетті сақтауды қажет ететін ойын. Бұл ойында спортшылар бірінші кезекте қарсыластарымен емес, алаңмен күреске түседі. Өткен жарыстарда әр жас тобы үшін бірнеше алаңдар бөлінген еді. Онда қатысушыларға регламентке сәйкес соққылар саны берілген болатын.

Айта кету керек, Қостанай гольф спорт мектебі – Қазақстандағы бірегей мектеп. Гольф мектебі жұмыс істей бастағаннан бері мұнда балалар спорт топтары құрылды. Нәтижесінде жетекші гольф ойыншылары шыңдалды.

Олардың ішінде: Бекарыс Сұлтанғазин, Илья Коречников, Иван Гаврилов, Темірлан Қайдар, Иван Ткаченко, Роман Морозов, Валерия Приходько, Марат Багытжанов, Регина Жақсылықова (Гайдрик) және басқалары.

Гольф – бұл жай ғана спорттық ойын емес, гольф – денсаулыққа инвестиция. Бұл ойын буындарды сергітуге көмектісіп, миға қан ағымын жақсартады және аяқ бұлшықеттерін нығайтады, көз-қолды үйлестіруді жақсартады, төзімділік пен икемділікті дамытады.

Сабақтар таза ауасы мен қалыпты атмосферасы бар табиғат аясында өтеді.

– Менің ойымша, балалар мен жастар бұл спортқа толығымен берілген және жаттығу кезінде жағымды эмоциялар алады, яғни олар бұл эмоцияларды өзге жақтан іздемейді және есірткі туралы ойламайды, – дейді гольф мектебінің оқу бөлімі басшысының орынбасары Владислав Кайда.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Үлкен жастағы топта: Максим Тарасенко мен Дарина Вацлюк 1-орынды, Юрий Очкасов пен Элина Маковка 2-орынды, Иван Гаврилов пен Арина Арапова 3-орынды иеленді.

Орта топта: 1-орынды Вячеслав Лыжин мен София Валеева, 2-орынды Андрей Ковалев пен Саида Альтанова, 3-орынды Олжас Сәрсенбаев пен Маргарита Бондарчук місе тұтты.

Кіші топта: 1-орын Кирилл Ротман және Арина Брянцева, 2-орын Матвей Мичуров және Адия Абишева және 3-орын Дмитрий Литвиненко және Милена Вацлюкке бұйырды.

Турнирдің барлық жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

– Нашақорлық – бұл ауру, ол басқа аурулар сияқты тез таралады. Тобыл өңірінде салауатты өмір салтын насихаттайтын осындай шаралардың өтіп жатқанына қуаныштымын. Гольф – мен үшін хобби ғана емес, болашақта балаларды жаттықтыру, олардың бойында спорттық рухты дамытқым келеді, – деп өз пікірімен бөлісті гольф турнирінің жеңімпаздарының бірі Максим Тарасенко.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған есірткіге қарсы іс-шаралар өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру