Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында дәрігерге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Қостанай облысында полиция дәрігерге шабуыл жасаған азаматты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында 17 шілде күні дәрігерге шабуыл жасалды. Полиция ұсталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданып, қамауға алды. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторында.

Тергеу нәтижелері бойынша заңнама аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Ұсталған азаматтың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша саралануда.

Тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру