Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында екі шетелдік азамат заңсыз жұмыс істеген

Қостанай облысында екі шетелдік азамат заңсыз жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 желтоқсанда Қостанай облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында нан-тоқаш өнімдерін өндіру нысанында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы ҚР шегінен шығаруды немесе айыппұлды көздейді. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан қабылдаушы тарап та жазаға тартылады.

Жыл басынан бері ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам шетелдік жауапқа тартылды. Сондай-ақ Қостанай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы өңір тұрғындарына қабылдаушы тараптың заңда белгіленген үш күн мерзімде полиция органдарын хабардар ету қажеттігін еске салады.

Қостанай полициясы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, заңсыз көші-қон, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, көші-қон қызметі басқармасына 52-63-45, 52-62-35 телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру