Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ер адам сотталған танысына тыйым салынған заттарды жеткізбек болған

Қостанай облысында ер адам сотталған танысына тыйым салынған заттарды жеткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК «№38 мекеме» РММ кезекші тобы ҚР ҰҰ №6697 қарауылымен бірлесіп, тыйым салынған заттарды негізгі қоршау арқылы тасымалдау әрекетінің алдын алды. Аймақты зерттеу кезінде таспамен оралған қара түсті байлам табылды. Тәркіленген затты тексеру барысында: екі SIM-карта, телефон, USB адаптері бар 64 ГБ микрофлеш-карта, бір жұп ақ түсті сымды құлаққап және қуаттағыш құрылғы табылды.

ҚР ІІМ ҚАЖК «№38 мекеме» РММ аумағына тыйым салынған заттарды тасымалдаудың алдын алу әрекеті фактісі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары және бейнебақылау жүйесінің мониторингі барысында мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп аталған заң бұзушылықты жасаған азаматты және оның көлігін анықтады.

А. есімді азамат тыйым салынған заттар осы мекемеде жазасын өтеп жатқан өзінің танысына арналғанын айтты. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты оны әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекет кірісіне алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру