Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында есірткіге қарсы күрес шаралары пысықталды

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері өңірлік басқарманың қызметін бағалау мақсатында Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы күні комитет төрағасы Данияр Мейрхан басқарма жеке құрамымен кездесіп, қазіргі нәтижелерді, ұйымдастырушылық мәселелерді және жедел-қызметтік жұмыстың тиімділігін одан әрі арттырудың басымдықтарын талқылады.

Ол қызметкерлерге атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, кадрлық әлеуетті және материалдық-техникалық базаны нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кинологиялық орталықтың жұмысына ерекше назар аударылды. Қызметтік иттерді ұстау мен даярлау, сондай-ақ кинологиялық қызметті дамыту мәселелері қаралды.

- Есірткі қылмысына қарсы күрес жоғары дайындықты және үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Қызметкерлердің кәсібилігін де, көмекші бөлімшелерді де, соның ішінде кинологиялық қызметті дамыту маңызды, — деді Данияр Мейрхан.

Жұмыс сапары алдағы күндері де жалғасады. Оның барысында бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру