Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полицейлері «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі заттарын сатумен айналысқан Рудный қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

– Одан 48 600 теңге сомасындағы ақша және есірткі заттарын пайдалануға арналған қағаз және изолентадан жасалған қолдан жасалған түтік тәркіленді. Сол күні Жітіқара қаласындағы жалдамалы пәтерде тінту жүргізу барысында ішінде сұр түсті ұнтақ тәрізді зат бар 89 түйіншек және 21 жастағы күдіктінің атына ресімделген 5 банк картасы табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Қостанай облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетов.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған заттар жалпы салмағы 70 грамм болатын мефедрон және а-PVP есірткісі, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Жас жігіт есірткі заттарын сатқаны үшін кінәсін толық мойындады. Есірткі сатушы ұсталып, Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданының полиция бөлімінің УҰИ-ға қамауға алынды.

ВИДЕО МҰНДА

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру