Қостанай облысында колонияға заңмен тыйым салынған заттарды лақтырғандар ұсталды
Қостанай облысында колонияға заңмен тыйым салынған заттарды лақтырғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 04:20 шамасында екі ер адам Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты №38 мекеменің аумағына таспамен оралған ақ түсті орамды лактырды.
Мекеменің кезекші нарядының күшімен ЖЖ-6697 қарауылымен бірлесіп, көрсетілген орынға дереу барып, тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тоқтатылды.
Бұл жерге Қостанай қалалық ПБ солтүстік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. ЖТТ қызметкерлері тексеру жүргізген кезде табылған зат тәркіленіп, қораптан шығарылды, оның ішінде 6 телефон, 6 SIM карта табылды.
Қазіргі уақытта жедел іс-шаралар кешені барысында лақтыруға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайын және жеке тұлғаларды анықтау мақсатында одан әрі тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, тыйым салынған заттарды кіргізу бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Құқық қорғау органдары тарапынан облыс мекемелерінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.