Қостанай облысында күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті
Қостанай облысында күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында полиция қызметкерлері, ҰҚК шекара қызметі, ұлттық ұлан және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арасында қоян-қолтық ұрыстан облыстық деңгейде жарысы өтті. Бұл турнир күш, төзімділік және жауынгерлік рухтың нағыз сынағына айналды. Жарысқа түрлі күштік құрылымдардан шамамен 80 спортшы қатысты.
Жарыс тартысты және әсерлі атмосферада өтті. Әр жекпе-жек қатысушылардың жоғары дене дайындығы мен кәсібилігін көрсетті, бұл олардың кез келген жағдайда қызметтік міндеттерін орындауға дайын екендігінің жарқын дәлелі болды.
Ведомстволар арасындағы командалық есеп нәтижесі бойынша:
1-орынды – Қостанай облысының полиция департаменті,
2-орынды – ҚР Ұлттық ұланы,
3-орынды – ҰҚК Шекара қызметі иеленді.
ТЖД қызметкерлері де өз ведомствосын лайықты таныстырып, жоғары жауынгерлік рух пен жеңіске деген жігер көрсетті.
Қалалық және аудандық полиция бөлімшелері арасында:
1-орын – Қостанай қаласының полиция басқармасы,
2-орын – Қостанай ауданының полиция бөлімі,
3-орын – Меңдіқара ауданының полиция бөліміне бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталды. Турнир қорытындысы бойынша үздік спортшылар Қостанай облысының атынан ҚР ІІМ-нің республикалық чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды.
Полиция департаментінде мұндай жарыстар игі дәстүрге айналатынын атап өтті. Олар күштік және төтенше жағдайлар қызметкерлерінің дене дайындығы мен жауынгерлік дағдыларын нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да септігін тигізеді.