Қостанай облысында мал ұрылары үй жануарларын атып өлтірген
Қостанай облысында мал ұрылары үй жануарларын атып өлтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер күндіз жануарларды қарап, кейіннен түнде оларды атып, сол жерде оларды сойған, содан кейін пайда табу мақсатында ет дүкендеріне немесе сатып алушылар арқылы сатқан.
Полицияға жүгінген азаматтардың бір бөлігі атыс белгілері бар малдың қалдықтарын тапқан.
Арнайы операция ұрлық еркін жайылымнан, күзетілмеген аумақтардан жасалуымен қиындады. Сонымен қатар, фактілердің бірінде қаскүнемдер екі қошқарды тікелей аулада қоса салынған үйжайдан ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта топтың 5 қатысушысы анықталып, ұсталды.
Амангелді ауданының аумағында мал ұрлығының үш фактісі және Арқалық қаласында үш факті дәлелденді. Залалдың жалпы сомасы 5 млн теңгеден асады.
Тінту барысында күдіктілердің бірінен заттай дәлелдемелер, оның ішінде тіркелмеген «ИЖ-12» маркалы тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ оның патрондары алынды. Баллистикалық сараптама тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталады.
Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосыновтың айтуынша, мал ұрлығы фактілерімен күрес – басым бағыттардың бірі. Осы бағытта жүйелі түрде жұмыстар жалғасуда.
– Арнайы іс-шараларды өткізу нәтижесінде Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Амангелді ауданының және Арқалық қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, – деп атап өтті Байбосынов.
Осы жылы мал ұрлығы фактілерінің тіркелуі төмендегені байқалады.
Ашылған және аяқталған қылмыстық істер бойынша 155 бас мал иелеріне қайтарылды. Іздестіру іс-шаралары барысында 91 факті бойынша (қалпына келтірілген шығын сомасы 90 млн.теңгеден астам) кеткен мал табылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 3841 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.