Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды құжаттандыру жұмыстары жалғасуда

Адам құқықтары жөніндегі бюроның Қостанайдағы филиалы директорының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Қостанай облысында мәртебесі заңмен реттелмеген 36 адам Қазақстан Республикасы азаматының, азаматтығы жоқ адамның және басқа мемлекеттің азаматының жеке басын растайтын құжаттарын алды.

Полиция департаментінде Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның Қостанай филиалының директоры Махаббат Ахметбекованың, сондай-ақ Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу ҚР ІІМ Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі басқармасымен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспар шеңберінде өтті.

Дөңгелек үстел аясында «ҚР аумағында жүрген, ҚР азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығын дәлелдей алмайтын адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі қағидалар», атап айтқанда, азаматтардың мәртебесін реттеу жөніндегі бірлескен жұмыстың әрі қарайғы жұмыс тетіктері талқыланды.

Биылғы  жылдың 10 айында Адам құқықтары жөніндегі бюроның Қостанай филиалына және ішкі істер органдарына 100-ге жуық азамат осы мәселемен жүгінген.

Сондай-ақ жұмыс кездесуі аясында азаматтарды құжаттандыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру