Қостанай облысында мас күйде көлік басқарған 5 жүргізуші анықталды
Қостанай облысы ПД мереке күндері облыста жедел жағдай қалай қалыптасқаны туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде 1-3 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері облыстың қалалары мен елді мекендерінің көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті.
Осы уақыт ішінде облыста ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 271 дерегі анықталды. Оның ішінде мас күйде көлік басқарған 5 жүргізуші ұсталды.
Бейнебақылау камераларының көмегімен 88 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері бұрын жасалған 5 қылмысты ашты. Осы уақыт ішінде облыста 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді.