Қостанай облысында мас күйде қылмыс жасау деңгейі 24,3%-ға төмендеді
Қостанай облысында өткен жылмен салыстырғанда мас күйде қылмыс жасау деңгейі 24,3%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер өңірде осы жылдың басынан бастап тыйым салынған уақытта алкогольді сатудың 230 фактісі анықтады. Сонымен қатар 16,3%-ға көп адамдар ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Күн сайын орта есеппен 30-дан 40-қа дейін мас адамды бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырамыз. Қазір облыста осындай 3 орталық жұмыс істейді: Қостанай, Рудный және Арқалық қаласында. Жалпы, мас адамдар үшін 65 төсек-орын қарастырылған, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев.
Бұдан басқа, осындай фактілерді бір жыл ішінде қайталап жасағаны немесе отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін полицейлер сотқа кінәлі адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды. Осы жылдың басынан бері алкогольді ішуге тыйым салынған 2 мыңнан астам осындай ерекше талаптар белгіленді.
Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда мас күйінде жасалған қылмыс 24,3%-ға төмендеді.
Алкогольді сатудың алдын алу үшін жеке кәсіпкерлерге және сауда объектілерін сатушыларға полицейлерге 10 мыңнан астам хабарламалар мен жадынамалар табыс етілді.