Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында оқушыларға электронды темекі сатқан ер адам ұсталды

Қостанай облысында оқушыларға электронды темекі сатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ювеналды полицейлерге оқушылардың электронды темекі алатыны туралы ақпарат жергілікті мектептердің бірінің мұғалімдерінен келді. Оқушылар WhatsApp арқылы электронды темекі сатып алған. Ал сатушы тауарды оқу орнының жанындағы дүкенге немесе мектеп оқушыларының өздеріне беріп отырған.1 желтоқсандағы бірлескен рейд барысында ювеналды инспекторлар, прокуратура өкілі және мектеп оқытушылары 23 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Ер адам өзімен бірге құны 2 мыңнан 8 мың теңгеге дейінгі 72 электронды темекі болған. Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын сату) бойынша әкімшілік іс қозғады.

Құқықбұзушы кінәсін мойындады. Оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру