Қостанай облысында полицейлер балаларды тасымалдайтын автобустардың жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Қостанай облысында полицейлер балаларды тасымалдайтын автобустардың жаңа оқу жылына дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылы қарсаңында тәртіп сақшылары балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударады. ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаевтың айтуынша, өңірде балаларды білім беру ұйымдарына жеткізуді жүзеге асыратын барлығы 125 көлік құралы бар. Бұл ретте автотехниканың 50%-ға жуығы 7 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді.
Барлық 125 мектеп автобусы тексеруден өтті. Олардың арасында жаңа Yutong, Jac Sunray, IVECO, Паз және ГАЗель бар.
Қостанай ауданында полиция қызметкерлері өрескел бұзушылықты анықтады. Тексерілген 16 автобустың біреуін тексеру кезінде рөлдік рейкада ақау табылды, ол апат салдарынан бүлінген және осы күнге дейін бөлікке қажетті жөндеу жүргізілмеген.
Рөлдік рейкасы зақымдалған мұндай автобусты басқару өте қиын және қауіпті. Сонымен қатар көліктің өзі 1 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Бірақ бұл балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Полицейлер бұл автобусты пайдалануға рұқсат бермеді және білім беру ұйымына ұсыныс енгізді. Әзірге бұл анықталған бұзушылықтың жалғыз жағдайы. Полицейлер балаларды тасымалдау үшін көлікті тексеруді оқу жылы ішінде жалғастырады.