Қостанай облысында полицейлер есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті
Қостанай облысында полицейлер есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz
30 шілдеде «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Тобыл қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, оның автокөлігін тексеру кезінде 40 келіден астам есірткі заты – марихуана мен гашиш тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталудың егжей-тегжейін Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков хабарлады.
– 30 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Қарасора – 2022» жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Дружба ауылының маңында автокөлік тоқтатылды, тексеру кезінде машина салонында өсімдік заттары бар пакеттер орналасқан екі қорап табылды. Сараптама қораптарда 33 келі марихуана, 8 келі гашиш бар екенін анықталды. Жыл басынан бері бұл заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының ең ірі партиясы, – деп түсіндірді Ерлан Омарбеков.
Тергеу амалдарын одан әрі жүргізу барысында есірткі еліміздің оңтүстік өңірінен облысқа түскені анықталды. Осылайша полиция аймаққа есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды. Есірткі сатушыны ұстау операциясы барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Байғоновтың айтуынша, жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 60 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі елімізде жыл сайын 1 маусымнан 31 қазанға дейін есірткі заттарын өткізу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізу арналарын анықтау мақсатында кең ауқымды «Қарасора» операциясы жүргізіліп жатқанын атап өтті.