Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер тіркелмеген қарумен жүрген браконьерлерді анықтады

Қостанай облысында полицейлер тіркелмеген қарумен жүрген браконьерлерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш тұрғын ұсталды. Полицейлер олардың автокөлігін тоқтатып, ішінен тіркелмеген қару мен жүн ізі бар пышақты тапты. Жақын маңнан ақбөкенге ұқсас жануардың өлі денесі табылды.

Аталған дерек бойынша "Қызыл кітапқа енгізілген жануарларға қатысты заңсыз аңшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 20 қазаннан 19 қарашаға дейін елімізде өтіп жатқан "Браконьер" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді.

Тек Қостанай облысының өзінде 800-ге жуық рейд жүргізілді. Нәтижесінде 150 құқық бұзушылық анықталды. Оның 78-і — аңшылық ережесін, 28-і — балық аулау тәртібін бұзуға қатысты. Полиция браконьерлікпен күресті жалғастыра отырып, елдің табиғи байлығына қол сұққан әрбір адам заң алдында тиісті жазасын алатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру