Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдіктілерді анықтады

Қостанай облысында полицейлер ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай ауданының екі тұрғыны екі ай бойы бірлесіп әрекет еткен. Терезені сындырып, екі пәтерге кіріп, ақша мен алтындарды ұрлаған. Сонымен қатар құлыптарды бұзып, салынып жатқан үш нысаннан қымбат құралдарды қолды қылған.

Қылмыстық тәсілмен олар 4 миллион теңгеден астам көлемде пайдаға кенелмек болған. Ұрланған заттарды Қостанай және Рудный қалаларындағы ломбардқа тапсырып отырған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бес эпизод бойынша жазаға тартылады.

– Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де өз кінәларын мойындады. Бұған дейін олар автокөлік ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын, – деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру