Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер жалған мемлекеттік нөмір таққан көлікті анықтады

Қостанай облысында полицейлер жалған мемлекеттік нөмір таққан көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы – Екатеринбург автожолында Қарабалық ауылының маңын патрульдеу барысында полицейлер Серік Темірбаев пен Жансерік Бауыржанұлы "Қорғау" жүйесінің көмегімен жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған Lexus автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Көлікті көрші мемлекеттің 37 жастағы азаматы басқарған.

Ер адам көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жолданып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзу және қаулыларды елемеу көлік құралына қатысты шектеу шараларының қолданылуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру