Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 60 дерегін анықтады

Қостанай облысында полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 60 дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін патрульдік полиция жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша күнделікті жұмыс жүргізіп жатыр.

Жыл басынан бері өңірде тәртіп сақшылары 71 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзушылықтарын, оның ішінде 21 мыңға жуық өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен мас күйінде көлік құралын басқарған 650-ге жуық жүргізуші, сондай-ақ басқару құқығынан айырылып, мас күйінде көлікті тізгіндеген 35 адам ұсталды.

Сонымен қатар көлік тәртібін арттыру және апаттылықты азайту үшін полицейлер жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілер арасында рейдтер жүргізеді.  

Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 59 фактісі анықталып, жолы кесілді. Яғни, жүргізушілер заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде аталған қызмет түрін көрсеткені үшін ұсталды.

Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Елена Магасумованың айтуынша, мұндай құқық бұзушылық үшін алғаш рет 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, бұл шамамен 55 мың теңге. Бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда айыппұл екі есе артады. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгеден асады.

– Сонымен қатар біз көлік қызметтерін көрсететін шағын автобустардың есебін жүргіземіз. Бүгінгі таңда облыста Toyota Alphard және Toyota Estima маркалы 500-ге жуық автокөлік пайдаланылуда, оның 106-да рөлі оң жақта, – деп атап өтті ол.

Жыл басынан бері өңірде осы санаттағы автокөліктердің қатысуымен 5 адам жарақат алған 2 ЖКО тіркелді.

Айта кетейік, өткен кезеңде полиция шағын автобус жүргізушілерінің 750-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзуының жолын кесті.

Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру