Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды бөліскен шетелдікті анықтады

Қостанай облысында полиция әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды бөліскен шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде діни қатынастар саласында, оның ішінде шетелдік азаматтар арасында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Мәселен, маусым айының басында жақын шетелден келген қонақ діни мазмұнды ақпаратты орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Instagram парақшасында ол діни сипаттағы бейнелерді жариялаған.

Бұл фактіні полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықтады.

“Діни бірлестіктердегі Діни қызмет туралы” Заңға сәйкес діни мазмұндағы материалдарды тек ғибадат үйлерінде, рухани ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген орындарда орналастыруға жол берілетінін білгеніңіз абзал.

– ҚР діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушыға 50 АЕК (129 220 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді басқарма бөлімінің бастығы Рафик Гасанов.

ПД жыл басынан бері осындай 8 фактінің анықталғанын атап өтті, оның ішінде 2-еуі таяу шетел азаматтарына қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру