Қостанай облысында полиция қызметкерлері қауіпті жүргізушіні анықтады
Қостанай облысында полиция қызметкерлері қауіпті жүргізушіні анықтады,– деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында шетелдік тіркеудегі автокөлікті тоқтатты.
Ақпараттық базалар арқылы тексеру кезінде жүргізушінің жол қозғалысы саласында 102 құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Аталған автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция Жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады.
