Қостанай облысында полиция қызметкерлері университет түлектерімен кездесті
Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ахмет Батырсынұлы атындағы университет түлектерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының және кадр саясаты басқармасының қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті машина жасау факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Оның барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарына бейінді білімі бар студенттерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда жол және техникалық инспекция саласындағы ашық бос жұмыс орындарына баса назар аударылды, бұл әсіресе Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында айтқан кадрлық әлеуетті арттыру тұрғысында өзекті.
Полиция қызметкерлері заманауи міндеттерді тиімді шеше алатын жоғары білікті кадрлар құрамын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер полицияның мансаптық болашағы мен жұмыс жағдайлары туралы сұрақтар қою арқылы осы салаға қызығушылық танытты.
Мұндай кездесулер жастарды жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар етіп қана қоймай, құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Полицейлер ішкі істер органдарының қатарына жаңа мамандарды тарту бойынша осындай іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.