Қостанай облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлерге құжат алуға көмектесті
Қостанай облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлерге құжат алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылы Қостанай қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен тығыз жұмыс істеді. Азаматтыққа жататындығын белгілеу тәртібі әрқайсысына жеке көзқарасты талап етеді. Қостанай облысы ПД азаматтық және көші-қон бөлімінің бастығы Ринат Сыздықовтың сөзінше, бүгінде 7 зейнеткер жеке басын куәландыратын құжат алды. Олардың біреуінің қолында 1974 жылғы үлгідегі төлқұжат болған, ал бірнеше адам куәлікті ешқашан алмаған. Сол себепті олар зейнетақы мен жәрдемақы ала алмаған.
Құжаттары жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншіден, азаматтыққа жататындығын анықтау. 9 айдың ішінде полицейлер Ресей Федерациясы мен Қырғызстанның шетелдік мемлекеттік органдарына сауал жолдады. Екінші кезең азаматтың жеке басын анықтау. Мұнда қызметкерлер әртүрлі мемлекеттік органдар мен мұрағаттарға жүгінді. Үшінші қадам – сәйкестендіру. Сәйкестендіру рәсімі құжатталатын адамның жеке басын растауы тиіс, оны кемінде 10 жыл білетін үш адамның қатысуымен жүзеге асырылады.
Полицейлерге бейімдеу орталығының әлеуметтік қызметкері Назымгүл Катпенова қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.
– Рудныйдағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне жеке куәлік алған зейнеткерлерді орналастыра аламыз. Полициямен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз, – деді ол.
Бүгінде орталықта 42 адам тұрады. Әркім өз ісімен айналысады. Біреулер тоқыма тоқиды, енді біреулері сүйікті шығармаларын оқиды. Орталықта тұратындардың бірі, 68 жастағы зейнеткер Татьяна Рыжко Қостанайда туып-өскен. Туыстарымен байланысы үзілген. Оның қолында 1974 жылғы үлгідегі паспорт болған. Ол полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Қостанай облыстық ПД көші-қон қызметі өткен жылы 30-дан астам адам құжат алғанын атап өтті.