Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция қызметкерлері жолда көлігі бұзылған отбасыға көмектесті

Қостанай облысында полиция қызметкерлері жолда көлігі бұзылған отбасыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы Қызылорда облысынан Солтүстік Қазақстан облысына көшу кезінде, Рудный қаласынан 10 шақырым жерде көліктері сынған.

Оқиға орнына патруль қызметкерлері Қайыржан Ғабидуллин мен Азамат Оспанов шықты. Тәртіп сақшылары сынған көлікті жөндеу орталығына сүйреп апарды. Сондай-ақ патруль отбасына уақытша тоқталуға баспана тауып берді.

– Кешке келгеннен кейін біз бұл отбасының басқа облысқа көшіп жатқанын білдік. Оларға түнеуге пәтер табуға көмектестік, – деді полиция қызметкерлері.

Отбасы оларды қиындыққа қалдырмағандары үшін алғыс білдірді.

– Міндеттерді адал орындағаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Қиын жағдайда көмекке келе білу-жоғары адамгершілік пен жанқиярлықтың көрсеткіші – деп отбасы әлеуметтік желілерде жазды.

Жыл басынан бері Қостанай облысының патрульдік полицейлері жол жағдайына тап болған 150-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру