Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлағандарды анықтады

Қостанай облысында полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлағандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Меңдіқара ауданында полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлау деректерін ашты. Жарты жыл ішінде полиция бөліміне қабірлердегі қоршаулардан ұрланған металл бұйымдар – шынжырлар болғандығы туралы бірнеше арыз білдіруші жүгінді. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталмаған ауданның 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Заттай дәлелдемелер темір қабылдау пунктінен алынып, иелеріне қайтарылды. Осы орайда аудан тұрғындары полиция қызметкерлеріне осындай маңызды мәселеде жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру