Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ҚАЖ қызметкерлері біліктілікті арттыру курсынан өтті

Қостанай қаласында пенитенциарлық мекемелер мен пробация қызметтерінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқыту бағдарламасы азаптаулардың, қатыгез немесе адамгершілікке жат әрекеттердің, сондай-ақ қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алуға, сот үкімі шыққанша адамның кінәсіз саналуы қағидатын түсіндіруге бағытталды.

Іс-шараға "Қадір-қасиет" қоғамдық бірлестігінің директоры А.Ибраева, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аға оқытушысы А.Уалиева, Қостанай облысы прокурорының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы бойынша аға көмекшісі А.Шалғымбаев және ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Р.Мырзатаев қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және UNDEF қолдауымен ұйымдастырылған тренингте қатысушылар халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге, соның ішінде тұтқындарға қатысты маңызды мәліметтер алды.

Тренинг барысында қатысушылардың кәсіби біліктілігі артып, жазаларды орындау саласында адамгершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал ететін тәжірибе алмасу жүргізілді. Курстың соңында 30 қызметкерге арнайы сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру