Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды
Қостанайда қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Автомобиль» облыстық операциясы аясында Қостанай қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды.
Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Имановтың айтуынша, патрульдеу кезінде сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін полиция қызметкерлері 102 құқық бұзушылықты анықтаған. 40 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 11 жүргізуші қозғалыс кезінде телефонды пайдаланғаны үшін жазаға тартылған. Сондай-ақ 12 автокөлік өрескел заң бұзушылықтар мамандандырылған айып тұрағына қамалған.
Мұндай іс-шараларды полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тұрақты негізде өңірдің өзге қалаларында да өткізіп тұрады.
Полиция департаменті күшейтілген патрульдеу кезінде облыс орталығында зардап шеккендермен бірде-бір ЖКО жасалмағанын атап өтті.
«Учаске» және «Автомобиль» жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты мен міндеті – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, автокөлік құралдарын ұрлаудың алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру үшін шараларды күшейту.