Қостанай облысында қой бағып жүріп, адасып кеткен жас қыз табылды
Қостанайлық полицейлер қой бағып жүріп, адасып кеткен бойжеткенді туыстарымен табыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазан күні Амангелді ауданы Үрпек ауылының тұрғынынан 22 жастағы сіңлісінің қой бағып жүріп адасып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша Амангелді аудандық ПБ қызметкерлері дереу іздестіру шараларына кіріскен. Қарқынды іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған азаматша табылып, аман-есен үйіне жеткізілді.
Оқыс оқиғаның алдын алып, туысын дін аман тауып бергені үшін жергілікті тұрғын учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Әмірбековке алғысын білдірді.