Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ҚР ІІМ кубогына арналған тактикалық көпсайыстан турнир өтті

Қостанай облысында ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған тактикалық көпсайыстан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылы Қостанай облысында ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған тактикалық көпсайыстан турнир ұйымдастырылды. Бұл жарысқа республиканың түрлі өңірлерінен ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінен 19 команда қатысты.

Турнир барысында полиция департаментінің оқу-жаттығу орталығының аумағында үш күн бойы қатысушылар топтық құрамда әртүрлі сынақтардан өтті. Шынайы жағдайларға жақындатылып дайындалған тапсырмаларды орындау барысында полицейлер іс-әрекет үйлесімділігін, дәл атуды, төзімділікті және моральдық-психологиялық дайындықты көрсетіп, кәсіби шеберліктерін паш етті.

Командалар әртүрлі қару-жарақпен дәл ату сынақтарында өз мықтылықтарын танытты. Жарысқа қатысқан команда командирлері жарыстың қызықты өтуіне қосымша тарту жасады. Әр команда 6 адамнан құралған, және команданың құрамында міндетті түрде бір әйел адам болуы шарт болды. Қыздар өз күштерін сынап көріп, жеке сайыстарда ең үздік атану үшін бәсекеге түсті.

Үш күндік жарыстың нәтижесінде Алматы қаласы полиция департаментінің командасы үшінші орынды иеленді. Күміс жүлде Қостанай облысы полиция департаментінің командасына бұйырды. Ал Астана қаласының полиция департаменті командасы тактикалық көпсайыста чемпион атанып, ҚР Ішкі істер министрінің ауыспалы кубогымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру