Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қылмыс айтарлықтай азайған

Қостанай облысында қылмыс айтарлықтай азайған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда өткен халықпен кездесуде облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс қорытындысын баяндады. Басқосуда қылмыс деңгейі, есірткімен күрес, отбасылық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және цифрландыру сынды маңызды тақырыптар қозғалды.

Облыстағы жалпы қылмыс деңгейі республика көрсеткішінен төмен. Ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі 2,7%-ға артты. Алайда әрбір төртінші қылмыс мас күйінде жасалғаны алаңдатарлық.

Жыл басынан бері 45 келіден астам есірткі тәркіленіп, 8 заңсыз зертхана жойылды. 96 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбейгенімен, 2000-нан астам агрессор жауапқа тартылып, қорғау шаралары қабылданған. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 27%-ға төмендеді. Жазғы лагерлерде балалар қауіпсіздігі күшейтіледі.

Жол-көлік оқиғалары төрт есе өсіп, 492 адам зардап шекті. "Ekin Patrol", "Оракул" сияқты бақылау жүйелері енгізілуде. Тек 1,8% жол қауіпсіздік талаптарына сай.

Облыста 1000-нан аса бейнекамера жұмыс істейді, жасанды интеллект пилоттық режимде қолданыла бастады. Атты полиция жасағының орнына енді дрондар қолданылады.

Ерлан Файзуллиннің сөзінше, полиция мен қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана тұрақты тәртіп пен қауіпсіз орта қалыптастыру мүмкін.

- Бұл — тек полицияның емес, барша қоғамның міндеті, — деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру