Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында шетелдік азаматтың жалған құжатты пайдалану дерегі анықталды

Қостанай облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтың жалған құжатты пайдалану фактісін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарабалық ауданында көші-қон қызметінің қызметкері уақытша тұруға рұқсат алған шетелдіктердің тізімін тексеру кезінде көші-қон заңнамасының бұзылғанын анықтады.

Шетел азаматы тіркеусіз ҚР-да болу мерзімінен 10 күннен артық асып кеткен, бұл бұзушылық болып саналады және сол арқылы өзіне назар аударды. Оның төлқұжатын тексеру кезінде полицейлер уақытша тұруға рұқсатта жалған белгілерді анықтады. Құжатта болу мерзімі өзгертілген. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция департаменті қазіргі уақытта шетел азаматтарының болуын бақылаудың барлық процесі 100% автоматтандырылғанын және цифрландырылғанын, сондай-ақ өткен жылы сотқа жалған құжаттарды пайдалану және дайындау фактілері бойынша 10 қылмыстық іс жіберілгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру