Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында студенттік жатақханада профилактикалық рейд жүргізілді

Қостанай облысында студенттік жатақханада профилактикалық рейд өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, колледж жатақханасында профилактикалық рейд жүргізді.

Рейдтің мақсаты — студенттерге тыйым салынған заттарды қолданудың қауіптілігін еске салу және жастарды есірткі бизнесіне тартудың алдын алу.

- Бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Біз жастарды бұл қауіптен сақтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз қажет, — деді басқарма жедел уәкілі Манат Суентев.

Іс-шара барысында полицейлер студенттерге есірткі заттарын қолдану мен таратудың салдары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіретін жадынамалар мен брошюралар таратты.

Сонымен қатар колледж әкімшілігінің және студенттердің келісімімен жатақхана бөлмелері қызметтік иттің көмегімен тексерілді.

- Біз тексеруді алдын ала келістік, бәрі тәртіппен және ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Студенттер өздері белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Бұл – олардың бұл мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетеді, — деп толықтырды М.Суентев.

Тексеруден кейін ашық әңгіме өткізілді, онда полицейлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздік пен құқықтық мәселелерге қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру