Қостанай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі 10%-ға азайды
Қостанай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі 10%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор Ботагөз Откульбаева атап өткендей, жыл басынан бері жергілікті полиция қызметімен әйелдер мен балаларды қорғау үшін тәртіп сақшылары 6 500 қорғаныс ұйғарымын және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасаған адамдарға 1214 ерекше талап қойды.
Кешенді көмек орталықтарында 94 әйелге қолдау көрсетілді. Қостанай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 10%-ға азайды.
– Түрлі акциялар, соның ішінде қазір жүріп жатқан акциялар аясында халықты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ақпараттандыру бөлігінде профилактикалық жұмыстардың кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмысқа психологтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылды. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының бірінші күні біз медицина колледжінің студенттеріне дәріс оқыдық, – деп атап өтті Б.Откульбаева.
Бұл мәселеге жұртшылықтың назарын барынша аудару үшін білім беру мекемесінде қызғылт сары шарлар таратылды. Бұл түс БҰҰ бастаған әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес науқанын білдіреді.
Полиция департаменті осы кезеңде облыста түрлі іс-шаралар, соның ішінде дөңгелек үстелдер, тренингтер, акциялар өткізілетінін атап өтті. Оның шеңберінде өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылатын болады.