Қостанай облысында автокөлік өртеніп кетті
Қостанай облысы Қашар кентінде Volkwagen T4 маркалы автокөлік жанып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жану алаңы төрт шаршы метрді құрады. Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деген болжам бар. Материалдық шығын анықталып жатыр.
2020 жылғы 18 мамырда сағат 18:22-де өрт сөндіру қызметінің байланыс пультіне Қашар кенті №1 ЖҚС ауданында стеланың жанында автокөліктің жануы туралы шақыру келіп түсті.
Өрт сағат 18: 59-да сөндірілді.
Өртті сөндіруге екі бірлік техника мен жеке құрамнан жеті адам жұмылдырылды.