Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында заманауи бейнебақылау камераларының таныстырылымы өтті

Қостанай облысында заманауи бейнебақылау камераларының таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің бастамасымен Алтынсарин ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудың жаңа деңгейіне қадам жасалды. Аудандық полиция бөлімінде жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған заманауи бейнебақылау камераларының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Арнұр Сартов, Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Жилкибаев және Алтынсарин ауданының прокуроры Серік Ғаниматов қатысты.

Жоба аясында аудан аумағына барлығы 40 бейнебақылау камерасы орнатылса, соның 9-ы озық интеллект технологияларымен жабдықталған. Бұл құрылғылар құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын тану мүмкіндігіне ие.

Жиынға қатысушылар осындай заманауи технологияларды қолдану аудан тұрғындарының қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтып, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Интеллектуалды камералар қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау деңгейін күшейтіп, қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама – өңірдегі құқық қорғау жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру