Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында "Заң мен тәртіп" сервисі арқылы шамамен 100-ге жуық өтініш түсті

Қостанай облысында "Заң мен тәртіп" сервисі арқылы шамамен 100-ге жуық өтініш түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста азаматтардың құқық бұзушылықтар туралы тікелей полицияға хабарлауына мүмкіндік беретін "Заң мен тәртіп" жаңа цифрлық сервис белсенді қолданылуда.

Сервис тек Egov Mobile қосымшасына ғана емес, сонымен қатар кеңінен қолданылатын Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларына да интеграцияланған. Бұл оның қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.

Қарапайым әрі ыңғайлы форма арқылы оқиға туралы хабарды бірнеше секундта жіберуге болады. Ақпарат нақты уақыт режимінде кезекші бөлімге түседі, содан кейін полиция қызметкерлері бірден әрекет етеді.

Мәселен, Қостанай тұрғыны мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тұрақ орнына қойылған автокөлікті байқап, сервис арқылы хабарлаған. Ол фото түсіріп, нақты мекенжайын көрсетіп, "Заң мен тәртіп" арқылы жолдады. Құқық бұзушылық жедел тіркеліп, жүргізушіге қатысты шара қолданылды.

Сервис іске қосылған сәттен бастап өңірде шамамен 100-ге жуық өтініш түскен. Оның ішінде: 30 — жол жүрісі ережесін бұзу фактілері бойынша, 22 — қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар бойынша, қалғаны — отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен өзге де оқиғаларға қатысты сигналдар.

"Заң мен тәртіп" сервисінің арқасында азаматтар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болса, полиция — түскен өтініштерге жедел әрекет етуге мүмкіндік алып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру