Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында зейнеткер жалған полицейге сеніп, 1,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Қостанай облысының полицейлері зейнеткердің алаяққа сеніп, айырылып қалған ақшасын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазан күні “102” пультіне Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккендігін хабарлады.

Оның үй телефонына қоңырау түскен. Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан. Әйел бірден 1,5 миллион теңгесі бар пакетті курьерге тапсырды.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша хабарлама тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Полиция сыртқы бақылау камераларын пайдалана отырып, дроппер мінген көлікті анықтады. Кейінірек олар ақшаның облыс орталығы – Қостанайға аударылғанын білді. Сол күні екі жас жігіт ұсталып, ақша зейнеткерге қайтарылды. Күдіктілер 200 мың теңгені жұмсап үлгерген. Олардың бірі осындай әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған, – дейді криминалдық полиция қызметкері Мадияр Тәжин.

Зардап шеккен кейуананың немересі қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді.

Полицейлер кезекті мәрте облыс тұрғындарын қырағы болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру