Қостанай облысында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтті
Қостанай облысында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 20-25 қаңтар аралығында Қостанай облысының аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілді.
Акцияға 400-ден астам адам тартылды – бұл полиция қызметкерлері, білім беру органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мүдделі ведомстволардың өкілдері.
– Білім беру мекемелерінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік кодекстердің нормаларын түсіндіре отырып 730 дәріс, құқықтық көмек көрсету бойынша оқыту сабақтары өткізілді. Мектеп оқушылары арасында жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 500-ден астам жадынама таратылды. Мектеп психологтарымен бірлесіп 7-11 сынып оқушылары арасында білім беру ұйымдарында және тұрмыста зорлық-зомбылық фактілерін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді, – деп хабарлады облыстық ПД Ювеналды полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Индира Нуруева.
Ювеналды полиция қызметкерлері 760 тұрмысы нашар отбасын, ІІО есебінде тұрған 539 кәмелетке толмаған балаларды, жалдамалы пәтерлерде тұратын 51 колледж студенттерін тексерді. Кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарындағы кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтер барысында төрт әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден кейін болуы) – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуы) – 104, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша (Он сегіз жасқа толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сол сияқты алкогольдік ішімдіктерді ішуі) – 4, ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) – 3.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар 68 тұрмысы нашар отбасы мен 103 кәмелетке толмағанды анықтап, профилактикалық есепке қойды, оларға қатысты алдын алу шаралары жүргізілуде.